"Киевка №2 қазақ жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы
Болатхан Ерлан Болатханұлы
Туған жылы: 10 ақпан, 1990 жыл
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2011 жыл
Жұмыс орны: “Киевка №2 ЖОББ қазақ мектебі” КММ
Жалпы стажы: 4 жыл
Педагогикалық стажы: 4 жыл
Курстардан өткен уақыты: 2014 ж.
Санаты: жоқ
Оқыту проблемасы: Оқушыларды Патриотизмге Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Электрондық мекен-жай: erlan-bolathanov@mail.ru
Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы
Болатхан Ерланның лауазымдық міндеттері.
Лауазымдық міндеттері: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне, мектептегі Даңқ бұрышына , және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілерді және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: БӘД арнайы пән мұғалімі жоғары педагогикалық білім болуы керек. Пәннің берілу әдістемесін жасауы, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдануы, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру мекемесінің шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.