"Киевка №2 қазақ жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
2013-2017 жылдарға арналған Киевка №2 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің даму бағдарламасы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы,
Бағдарламаның атауы: Мектептің даму бағдарламасы
2014 жылғы 24 қаңтардағы
№ 3 педагогикалық кеңеспен бекітілген (хаттама №3)
Мазмұны:
Түсініктеме хат
І бөлім Мектеп туралы ақпарат
ІІ бөлімКиевка №2 қазақ орта мектебінің оқу — тәрбие үрдісі туралы сараптама
ІІІ бөлім Болашақ мектеп тұжырымдамасы
ІҮ бөлім Мектеп дамуының жалпы стратегиясы, негізгі бағыттары мен міндеттері
Ү бөлім 2013/14- 2019/2020 оқу жылдарына арналған даму Бағдарламасы
ҮІ бөлім Кезеңдерге арналған әрекеттер жоспары
ҮІІ бөлім 2013/14- 2015/2016 оқу жылдарына арналған даму бағдарламасының қаржы жоспары
Қолданылған әдебиеттер
Түсініктеме хат
12 жылдық оқытуға көшу білім беруді жаңғыртудың стратегиялық міндетін табысты шешуге мүмкіндік береді.Сондықтан, да жалпы ұлттық деңгейде Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне тиімді араласуына дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні дамыту қажет.
Жалпы білім беретін мекеменің жоспарын жүйелі түрде қарастыруды талап етеді. Жоспарлау және жоспар бойынша жұмыс атқару дегеніміз – педагогикалық ұжымының еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.
Жоспар – ұжымдық шығармашылықтың құжаты. Киевка №2 қазақ орта мектебінің 2013/14-2015/16 оқу жылдарына арналған даму жоспарын дайындауға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар комитеті қатысты. Жоспар жасамас бұрын мектептің даму жоспарына педагогикалық кеңесте талдау жасалынып, әлсіз және мықты жақтарын айқындап, жоспардың құрылымдық элементтерін зерттейтін мұғалімдердің іс-әрекетіне басшылық ықпал деңгейі бойынша қорытынды шығарылды.
Мерзімі Бағдарлама 3 кезеңнен :
І кезең 2013-2014 оқу жылы -Диагностикалық, прогностикалық және
ұйымдастыру кезең;
ІІ кезең 2014-2015 оқу жылы - практикалық кезең;
ІІІ кезең 2015-2016 оқу жылы - қорытынды кезең;
Мектеп "Оқыту мен бақылаудың инновациялық нысандары мен әдістерін оқу-тәрбие процесіне кешенді енгізе отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту" тақырыбында жұмыс істейді.
Мақсатымыз –«Оқушының бейімділігі мен қабілетіне сәйкес жан-жақты дамытатын мектеп кеңістігін қалыптастыру».
Киевка №2 қазақ орта мектебінің 2014-2016 жылдарға арналаған бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы , ҚР Президентінің 2014 ж 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Бағдарламада жылдар бойынша кезеңдерге бөлінген, нақты мақсат қойылған, атқарылатын мерзімді жұмыстар жүйеленген, кадрлар мен оқушыларға арналаған кезеңді іс-әрекеттер, оқу – тәрбие процесіндегі нақты міндеттер, жергілікті бюджет бойынша бөлінген қаржы, мұғалімдердің сапалық құрамы, күтілетін нәтижелер енгізілген. Бағдарламаны әзірлеу оқу – тәрбие процесіне өзгерістер мен білім беру сапасын арттыру қажеттігінен туындады.
Күтілетін нәтиже:
· Мектеп оқушылары мен қызметкерлерге жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай қалыптасады;
· Білім сапасы артады;
· Интернет желісі арқылы жедел әрі жаңа ақпарат алу мүмкіншілігі туады;
· Ғылыми жоба, олимпиада байқауларының жеңімпаздары көбейеді;
· Жас мамандар мектебін нығайту барысында тәжірибелі маман педагогтер тәрбиеленеді;
· Бастауыш мектебінің жан-жақты білім беретін гимназияға апарар алғашқы білім баспалдағына айналу;
· Білім беру мазмұны білім үстемділігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзіретті» білімге өзгереді;
· Пед.қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесі артады;
· Материалдық – техникалық база нығаяды;
· Оқушылардың тілдік, ақпараттық, экономикалық деңгейі мен эстетикалық дағдысы қалыптасады;
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:
І. Мұғалім маман болу керек: жеке көзқарасы бар, өз пәнін жетік білетін, жеке көзқарасын қорғай алатын жігерлі тұлға зерттеуші, ойшыл, әр күні мен ісіне есеп бере алатын. Мұғалім – Нәтиже.
ІІ. Мұғалім – ізденгіш, көп оқитын, көп білетін және сол білімін күнделікті өмірде шебер пайдалана алатын болуы керек. Педагогикалық ойлау қабілеті – ғылыми түрде дамыған тұлға.
ІІІ. Мұғалімнің жетекші рөлі – оқушыны білім негіздерін өз бетінше оқып – үйренуге бейімдеу.
IV. Мұғалім тек ұйымдастырушылық қабілетімен қалмай, сараптамалық, талдай білу, себеп – салдарды анықтай білу қасиетіне ие болуы керек.
V. Моральдық, адамгершілік бет – бейнесі таза, саяси – идеялық ұстанымы жоғары, ұлттық құндылықтарды терең игеріп, инновациялық әдіс – тәсілдермен ұштастырып отыратын ұстаз.
І бөлім
Мектеп туралы ақпарат
Куәлiк 0428828 Қарағанды облысы Әділет департаментінің Нұра ауданының Әділет басқармасы.
Заңды тұлғаны мемлекттiк
қайта тiркеу туралы
тiркеу нөмерi 108-1920-08-ММ 2012 ж 07 ақпан
Атауы: Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің,білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№2 Киевка қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тұрған жерi: Қарағанды облысы Нұра ауданы
Алғашқы мемлекеттiк
тiркелген күнi:12.07. 2001.
Мектеп туралы мәліметтер: 1965 жылы iске қосылды.
1995 жылы Киевка №2 орта мектеп болып аталды.
Жалпы алаңы (шаршы метр)-2321
Соның ішінде:
Меншікті үй-жай (шаршы метр)-2321
Барлық ғимараттардың жұмыс алаңы (шаршы метр)-1692
Сынып бөлмелерінің саны (оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса)-26
Олардың жалпы көлемі (шаршы метр)-1071
Оқу кабинеттерінің саны-12
Физика (жаңа улгідегі арнайы жабдықталған) -1
Химия (жаңа улгідегі арнайы жабдықталған)-1
Биология (жаңа улгідегі арнайы жабдықталған)-1
Қазақ тілі мен әдебиеті-1
Орыс тілі мен әдебиеті-1
Математика-1
Қоғамтану-1
География-1
Шет тілі-1
Бастауыш әскери даярлық-1
Компьютерлік сынып-1
Мультимедиялық кабинет - 2
Дене шынықтыру залы-1
Оқу шеберханалардың саны-2
· Ағаш өндеу-1
· Еңбектің қызмет көрсету түрлеріне баулу (мама өндеу мен ас дайындау)-1
Интерактивтік жабдық (тақта)-4
Мектеп директоры: Жанкуатова Кулпаш Даукесқызы
Оқу iсiнiң меңгерушiсi: Бейсембекова Анар Серікқызы
Тәрбие iсiнiң меңгерушiсi: Усабаева Бөпежан Нұрланқызы
І. Мұғалiмдер- 41
Жоғары бiлiмдi- 32 (78%)
арнаулы орта — 8 (19,5%)
Сырттан тыс оқитындар- 0 0 %
Педагогикалық өтiлi бойынша саралау:
· 3 жылдан кем емес (жас мамандар саны) - 7;
· 3жылдан 8 жылға дейін – 6;
· 9 жылдан 16 жылға дейін – 9;
· 17 жылдан-20 жылға дейін-2;
· 20 жылдан жоғары – 17;
санат бойынша саралау:
Жоғары категориялы: -17 (41 %)
I категориялы - 5 (12 %)
II категориялы - 8 (19,5 %)
Категориясыз- 11(26,8 %)
ІІ. Оқушылардың сыныптар бойынша саны:
20014-2015 оқу жылы 2015-2016 оқу жылы 2016-2017 оқу жылы
1-4 сынып – 133 1-4 сынып – 133 1-4 сынып – 115
5-9 сынып-149 5-9 сынып-153 5-9 сынып-154
10-11 сынып-55 10-11 сынып- 64 10-11 сынып-48
сыныптар
Оқу жылы
барлығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Оқушылар саны
2014-2015 оқу жылы
337
36
31
31
35
30
27
34
27
31
33
22
Оқушылар саны
2015-2016 оқу жылы
350
35
36
31
31
35
30
27
34
27
31
33
Оқушылар саны
2016-2017 оқу жылы
356
39
43
35
37
26
32
34
33
29
20
28
Мектепке дейінгі тәрбие беру :
Шағын орталықта- 40
Мектеп алды даярлықта- 30
Мектепке дейінгі дайындық жүйесінде мектеп жанынан ашылған «Балдырған» қысқа мерзімдегі (4 сағат) тәртібі бойынша шағын орталық жұмыс істейді. 2013-2014 оқу жылында шағын орталықта 40 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып отыр. (2012-2013 оқу жылында 25 бала). Мектепке дейіңгі білім беруде «Балбөбек», «Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Мектеп жағдайында 5-6 жастағы және балабақша
жағдайында 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындаудың жалпы білім беру бағдарламасы» атты бағдарламалар пайдаланылады.
Мөлтек аудан бойынша 3 – 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 100 %.
5 жастағы балалар толығымен 100 % мектепалды дайындықпен қамтылды. Мектепалды дайындық сыныбындағы балалар саны 40.
2015 жылға дейін мектеп жанындағы шағын орталықтың сапалы жұмыс жасау ерекшелігіне мән беріліп, желісін кеңейту жұмыстары іске асырылу жоспарлануда.
4.Планиметрия есептерін шығару практикумы. 11 сынып Сүлейменова Қ.М.
5.Есептер шығару практикумы. 10 сынып. Тулеубекова К.А.
6.Мұражайтану. 7 сынып. Абишева М.Б.
7. Металдар химиясы. 10 сынып. Металдар тұрмыста.11 сынып Байпейсова М.Б.
8.Эволюциялық теория бүгінде. 11 сынып. Тоқтамысова Ә.С.
9. Саяси география ғылымы және оның пайда болуы Абенова К.К.
2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес2013-2014 оқу жылынан бастап, мектеп «E-learning» электрондық оқыту жүйесіне қосылды. Осы мақсатта 19 компьютер, 12 ноутбук 1 таңбалы-магнитті (магнитно-маркерная) , 2 мультимедиалық проектор, 1 сандық подиум, 1 көпфункционалды қондырғы мен принтер, жылжымалы компьютерлерге арналған 1 шкаф-сейф қойылған. Мектепте электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша ұйымдастыру шаралары өткізілді. Жүйемен жұмыс істеу үшін жаңа жабдықтар орнатылып, “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ қызметкерлері серверлерді реттеу және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату жұмыстарын жүргізді. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің аясы кеңейтілген. Ата-аналардың тәрбие мәселелері бойынша маман кеңестері мен баласының жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алуына, оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімдерін, сабақ кестесін, үй тапсырмаларының берілуін бақылауларына мүмкіндіктер қарастырылған.
Е-learning оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға кез келген уақытта, кез келген жерден бағаларды, сынып журналын, электронды кітаптарды, үй тапсырмасын көруге және бір-бірімен қатынасуға мҥмкіндік береді.
ІІ бөлім
Киевка №2 қазақ орта мектебінің оқу — тәрбие үрдісі туралы сараптама
Мектепте оқушылар мен ұстаздардың алансыз еңбек етуіне барлық жағдай туғызылған. Ұжымның мұғалімдері кәсіби шеберлікпен, ізденімпаздықпен, жаңашылдықпен еңбек етіп, жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп келеді. Жыл сайын мектепте олимпиада жүлдегерлері мен жақсы көрсеткіштер саны көбейіп, білім сапасы жыл сайын өсуде. Мектепте 12 пәндік кабинет жүйесі, 2 мектепалды даярлық сыныбы және шағын орталық жұмыс жасауда.
2013-2014 оқу жылында мектебіміз аттестациядан өтті. Аттестаттау мақсаты – білім беру қызметінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкестігі. Аттестаттау мектеп өміріндегі жауапты да күрделі кезең. Бұл жерде тиісті психологиялық ахуалға, мектептің жұмысына объективті бағалауға мүмкіндік беретіндей жайлы болуынакөп байланысты. Соған байланысты жылдың басында әкімшіліктің, аттестаттау комиссияның міндеттері мектептің сыртқы аттестациялануына және аттестациялау кезіндегі жұмыстары циклограммаға салынып, жоспар құрылды. «Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ-сінің 2012 жылғы 25желтоқсандағы №267 бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтті .
І. Пед кадрлармен жұмыс.
Мұғалімнің жұмыс істеуіне, шығармашылығына, демалуына жағдай жасау, үздік мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, оны тарату, оларға қолдау көрсету – мектептің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. 2013-2014 оқу жылына жасалған мектеп жоспарында проблемалар, мақсаттар қойылды. болатын.
Жаңа заман талабына сай терең, интегративтік білім беру мәдени қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, бірнеше тілді меңгеру, қазақ қоғамы үшін қажетті сұранысты жүзеге асыру, ізгілік пен адамгершілік нәрімен қаруланған, ұлттық іліммен сусындаған, халық қамын ойлаушы болашақ азаматты тәрбиелеу. Тілдерді тереңдетіп оқыта отырып, оқушылардың қоғамда, қызметте, қарым-қатынаста үш тілде еркін сөйлеуге, өз ойын шебер жеткізуге баулу мектепте жүзеге асырылуда. Бастауыш буында шетел тілін ерте оқыту жүргізіледі.
Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің ұздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда. Жетістікке жеткізетін бірден бір жолы ізденіс, талапты еңбеке екенің уақыт дәлелдейді. Бүгінгі күн талабына сай мұғалімдер авторлық бағдарламалар жинағын, әдістемелік нұсқаулар әзірлеп, өз жұмыстарында қолдануда.
Биылғы 2013/2014 оқу жылында 3 жұмыс Қарағанды облысы білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталық әдіскерлерімен рецензиялануы жоспарланды.
2013-2014 оқу жылының басында Киевка №2 қазақ орта мектебі локальдық есептегіш торына монтаждау жасалды, педагогтардың жұмыс орны, компьютерлік сыныптар және мұғалімдер бөлмесін жабдықтау үшін құрылғылар қойылды. Электрондық оқытудың бағдарламалық шешімі енгізілді. 10 мұғалім электрондық оқыту жүйесін қолдану және әкімшілікті оқыту бойынша біліктілігін арттыру курсын өтті.
2012 жылы екінші санатты биология пәнінің А.С. Тоқтамысова Семей қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы базасындағы Кембридж Университетінің сарапшыларымен жетілдірілген үшінші базалық деңгейдегі Бағдарлама бойынша курстан өтті, математика пәнінің 2 мұғалімі А.О.Ашкенова, Б.Т.Әльжан «Өрлеу» НЦКП» АҚ филиалы ҚР білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің педагогикалық біліктілігін арттыру Қарағанды қаласындағы облыстық педагог мамандарының білім жетілдіру институты базасында курстан өтті. Мектептің кәсіби шеберлігін жаңашыл педагогикалық идеялармен толықтырып отыратын ізденгіш, зерттеуші ұстаз ретінде биология пәнінің мұғалімі А.С.Тоқтамысованы айтуға болады. А.С.Тоқтамысова 4 жыл бойы зерттелген жұмысын мектеп ішінде таратуда. Бұл ұстаздың озық іс-тәжірибесін аудан көлемінде таратылуға ұсыныс жасалды.
Ерекше назарда ұстап отырған мәселе – мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасау. Ол үшін мектепте әдістемелік “Шеберлік” шығармашылық топ құрастырылған. Бұл топқа әдістемелік бірлестіктер, озат тәжірибе тобы кіреді. Топтың жетекшісі болып ғылыми-әдістемелік ісінің меңгерушісі Шаймерденова Ж.Д. тағайындалды. Оқу жылы бойынша түрлі іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілуде.
Атап айтсақ, “Ізденген жетер мұратқа ” дөңгелек үстел, “Мұғалімдердің электрондық партфолиоларын” презентациялау, пәндер апталығы, «Білім сапасын көтеру жолдары».
Мектепте 8 әдістемелік бірлестік бар: гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық,бастауыш буын, химия-биология, дене тәрбиесі, технология пәндері, мектепке дейінгі білім беру, сынып жетекшілер бірлестігі. Бұл бірлестіктер жоспарлы түрде жұмыс жасауда. Әр бірлестік өз жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай отырып, аналитикалық талдау жасап, түрлі жұмыстар ұйымдастыра білді.
Оқу жылының басында-ақ 8-сынып оқушысы Володя Айгерім«Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңіне белсене қатысқаны үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
«Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі аудандық ақын-жыршылар байқауында ІІ орынды мектебіміздің 7-сынып оқушысы Бақытұлы Жандос иеленді. Жандос - мектеп қабырғасында ерекше дарынымен, ақындық қасиетімен көзге түсіп жүрген бала. Жандостың бұл байқауға ұсынған «Абылай ханға арнауы» тыңдарман көңілінен шықты.
11-сынып оқушысы Абдигалиева Дина оқушыларға арналған облыстық «Жас Филолог» сайысында жүлделі ІІІ орын иегері атанып. «БОЛАШАҚ» Университетіне оқуға түскен жағдайда оқу төлем ақысына бір жылға 25% жеңілдікке ие болды. Таңдау пәні әдебиет болып табылатын Дина үшін бұл үлкен марапат.
Н.Әбдіров атындағы «Жас сұңқар» патриоттық әндер байқауының аудандық кезеңіне мектеп абыройын қорғауға 9-сынып оқушылары Құдайбергенова Әйгерім мен Ахметова Әйгерім барған еді. Олар да ұстаздарын жерге қаратпай жүлделі ІІ орынмен оралды.
Астананың 15-жылдығын тойлауға арналған «Менің әкем ТЖМ-де қызмет етеді» сурет байқауында жас суретшіміз,5-сынып оқушысы Дүйсенбі Жанерке, ІІІ орын иегері атанды.
Қараша айында Қарағанды политехникалық Университеті қабырғасында өткен оқушылардың техникалық шығармашылығы облыстық ашық байқауына мектебіміздің атынан 8-сынып оқушылары Бекбатыров Ағыбай мен Абдыгаипов Тимур қатысты. Бұл балалар жетекшісінің көмегімен темір іздегіш құрылғыны өз қолдарымен жасап шығарған болатын. Жас дарындарымыз Университет оқытушыларының алдында өз жобасын абыроймен қорғап шығып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Ақ-бота 2013» интеллектуалдық марафонына оқушыларымыз белсене қатысты. Өз білімдерін сынауға балаларымыз қашанда дайын. Нәтижесінде марафоннан аудан бойынша 12 оқушы жүлделі орындарға ие болса, олардың тоғызы біздің мектеп оқушылары.Атап айтар болсам: Боташева Дильназ, Аманжолов Нұрдәулет, Бақытқызы Дана, Дүйсенбі Жанерке, Нұркей Малика, Смагулова Алуа, Тұраров Нұрхан, Жумадильдин Әділет, Жұқышева Диана.
Облыстық «Парасат» марафонынан да өз еншімізді алдық. Бұл білім сайысында бастауыш сынып оқушылары ерекше көзге түсті. 2-сынып оқушысы Назымбеков Өміртай V дәрежелі дипломмен, 3-сынып оқушысы Өмірбекова Мерейім ІV дәрежелі дипломмен, 4-сынып оқушылары Есмағамбетов Асанәлі мен Нұрланова Жанбота ІІІ және ІV дәрежелі дипломдармен марапатталып, ұстаздарының мерейін көтеріп тастады. Білім бастауыштан басталады. Жас та болса осындай жеңістерге жетіп отырған балалардан ұстаздары болашақта үлкен үміт күтеді.
Жақында ғана 1-желтоқсан - Тұңғыш Президентіміздің күнін атап өттік. Бұл мерекеге орай аудан бойынша шығармалар сайысы өткізілді. Бұл сайыста 7-сынып оқушысы Ерғалиева Арайлым көш бастап, жүлделі І орынды қанжығасына байлап келді.
Мектеп оқушыларының білім сапасын анықтайтын бірден бір көрсеткіш – пәндік олимпиада.Жақында ғана жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша Киевка №2 қазақ орта мектебі көш бастап, былтырғы «Олипиадалық команда» атағын қорғап қалды. Аудандық олипиадаға жолдама алған 28 оқушымыздың 24-і жүлделі орындар иеленді. 7 оқушымыз облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл оқушыларымыз қаңтар айының 8-9 жұлдызында мектеп намысын қорғауға Қарағанды қаласына кеткен болатын. Қуанышымызға орай, олар да ұстаздар артқан үкілі үмітті ақтап, сүйінші хабармен оралды. 11 сынып оқушылары Зейникенов Мұқалағали қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, Мусина Айжарқын орыс тілі пәнінен ІІІ орынды жеңіп әкелді. Бұл оқушыларымыздың жетістіктері - барлық оқушыларға үлгі.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар.Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.Бұл мәселе біздің мектепте де ең маңызды мәселе болып табылады . Жыл бойына дарынды оқушылармен жұмыс жоспарланып, тұрақты түрде бақылауда болып, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс-әрекет жасалынды. Ең алдымен дарындылықты анықтау диагностикасы жүргізілді. Бұл жұмыстың қорытындысы төмендегідей жетістіктерге қол жеткізеді. Ең жоғары білімнің көрсеткіші – олимпиада.
Кейінгі екі жыл қатарынан (2012-2013, 2013-2014 о.ж.) жалпы оқу пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің нәтижесі бойынша Киевка №2 қазақ орта мектебінің оқушылары «Үздік олимпиада командасы-2013» атағын иеленіп келеді.