Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Усабаева Бопежан Нурлановна
Туған жылы: 22 сәуір , 1967 жыл
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары, НГПИ, 1989 жыл.
Жұмыс орны:“Киевка №2 ЖОББ
қазақ мектебі”КММ
Жалпы стажы: 26 жыл
Педагогикалық стажы: 26 жыл
Курстардан өткен уақыты: 2015 ж.
Санаты: жоғарғы
Оқыту проблемасы: Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.
Усабаева Бопежан Нурлановна еңбек жолын Нежин педагогикалық институтын бітіріп, Киевка №2 қазақ орта мектебінде 1990 жылдан бастап ұстаздық қызмет істеуден бастады. Содан бері 25 жыл үздіксіз ұстаздық қызметте. Оның 10 жылын мұғалім, ал 2000 жылдан бастап мұғалімдік қызметпен қоса мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Білікті де, білгір маман –өз ісінің шебері, жаңа істердің ұйтқысы. Б.Н.Усабаева үнемі жаңалыққа ұмтылуымен қатар, өзгелерді де тәрбиелей біледі.
«Оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалана отырып, дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау» бағытында еңбек етіп, бірқатар жетістіктерге жетті.
Орыс тілі пәні бойынша ғылыми жұмыстарын жоғары сынып оқушылары орыс тілі мәдениеті саласы бойынша таңдады. 11-сынып оқушылары «Созвучие поэтов: Абай и Пушкин » тақырыбындағы жұмыстарын орыс тілінде жоғары деңгейде қорғады.
Астанада қаласында өткен орыс тілі білгірлерінің «Тіл-барлық білімнің кілті» IV Республикалық байқауында Б.Н.Усабаева дайындаған оқушысы жүлделі 3-орынды иеленді.
Мектеп ұжымы облыстық «Ұлан» әскери-патриоттық ойындарында дипломмен, облыстық, аудандық көңілді тапқырлар ойындарында «Үздік КВН командасы», аудандық «Жас жол инспекторлары», аудандық «Үздік дебат командасы» сайыстарының жеңімпазы аталып, арнайы дипломдарымен марапатталды. Мектеп оқушылары аудандық мәдениет үйінің домбырашылар, бишілер, әншілер ансамбльдерінің белді мүшелері. Б.Н.Усабаеваның жетекшілігімен оқушылар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, ҚР Ассамблеясының 20 жылдығына орай мектепішілік, аудандық, облыстық іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Усабаева Бөпежан Нұрланқызы аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Усабаеваның
лауазымдық міндеттері.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:
1. Талдау жасайды:
∙ тәрбие процесін проблемаларына;
∙ тәрбие жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелілігіне;
∙ тәрбие жұмыстары саласындағы жай-күйі мен перспективалық мүмкіндіктеріне;
∙ оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп отыру мақсатымен олардың тұрмыс жағдайына, талап-тілектеріне, проблемаларына;
∙ мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің тәрбие ісі саласындағы кәсіби біліктілігі деңгейіне;
∙ оқушылардың тәрбиелілік жағдайына;
∙ алдындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға педагогика ұжымының даярлығына.
2. Қандай да бір тәрбиелік шараларды жүргізудің тиімділігіне болжам жасайды.
3. Әзірлейді және белгілейді:
∙ үйірмелер мен қосымша білім беру пәндеріне арнап «СанПиНомға» және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының кестесін;
∙ тәрбие жұмыстарының кешенді-мақсатты бағдарламасын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларын;
∙ өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;
∙ оқушыларға тәрбие беру жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру бағытында жоспарлар;
∙ мәдени-тәрбиелік шаралар әзірлеп, оларды өткізу жұмыстарын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие қызметінің мәселелері бойынша есеп беру құжаттарын және анықтамалық материалдар;
∙ дамыту бағдарламасының жекелеген фрагменттерін, өзге де стратегиялық құжаттарды.
4. Жоспарлайды және ұйымдастырады:
∙ тәрбие жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыруды;
∙ тәрбие жұмыстарын;
∙ аға вожатыйлардың, сынып жетекшілерінің, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша қосымша білім беру педагогтарының қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды;
∙ сенбіліктер, «таза бейсенбіліктер», сыныптан тыс шаралар өткізуді;
∙ оқушылар арасындағы тәрбие жұмыстарының мазмұны мен технологиясы туралы мәселелер бойынша педагогикалық ұжымда өткізілетін әдістемелік оқуларды;
∙ оқушылардың ата-аналарымен, жалпы мектептік ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыстарды;
∙ «Табиғаттың жас достары», «Жол қозғылысының жас инспекторлары», наркологиялық посттар, экологиялық патрульдер жұмысын, СПИД-тің алдын алу жөніндегі жұмыстарды;
∙ оның территориясын көріктендіру жөніндегі жұмыстарды;
∙ «қиын» оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды, балаларды қадағалау органымен және қоғамдық ұйымдармен байланысты;
∙ жарыстарды, экскурсияларды, мейрамдарды;
∙ сынып жетекшілерінің, қосымша білім беру, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша мұғалімдердің қызметін;
∙ оқушыларға қосымша білім берудің авторлық және бейімбелген бағдарламаларын жасауда мұғалімдерге көмек көрсетуді;
∙ тәрбие жұмыстарының мазмұнын, формасын және әдістерін;
∙ сыныптан тыс жұмыстарға қатысты оқу-материалдық базаларын нығайту жөніндегі жұмыстарды.
5. Қамтамасыз етеді:
∙ құрылымдарының ата-аналар комитетімен, тиісті комиссиялармен, қамқоршылар кеңесімен т.б. өзара әрекеттестігін;
∙ білім беру жүйесіндегі тәрбие процестерін ұйымдастыруда жаңа тәсілдердің қолданылуын;
∙ тәрбие процесінде қолданылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін;
∙ физикалық тәрбие, спорттық сауықтыру және әскери-патриоттық, салауатты өмір салты процестерінің үйлесімді дамуын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының, мүдделерінің ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалуын;
∙ оқушылардың сыртқы көрінісі мен бірыңғай формасы бойынша қойылатын талаптардың орындалуын;
∙ мұғалімдердің үзілістерде белгіленген график бойынша кезекшілік етуін;
∙ оқушылардың таңертеңгілік сапқа тұруы (линейкасы) директор бекіткен график бойынша өткізілуін.
6. Басқарады:
∙ моральжық-психологиялық қолайлы климат жасау жөніндегі жұмыстарды;
∙ көріктендіру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды.
7. Бақылау жасайды:
∙ тәрбие беру процесінің сапасына бақылау жасайды, оқушылардың сынып сағаттарына және басқа да мәдени-тәрбиелік шараларға (оқу жылында 150-180 сағаттан кем емес) қатысады;
∙ сынып жетекшілерін курстық даярлау және қайта даярлау жоспарының орындалуына;
∙ үйірмелер, секциялар жұмысына және қызметкерлері атқаратын басқа да тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстарына;
∙ мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жеке жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға;
∙ сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына;
∙ психологтың орта буын және аға буын оқушылармен жүргізетін жұмыстарына;
∙ әлеуметтік және полицейлік қызметке;
∙ әскери-патриоттық тәрбиеге;
∙ қосымша білім беру сабақтарына аналған санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына;
∙ сыныптарда тәрбие жұмыстары жөніндегі құжаттамалардың, сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне;
∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие процесін дамыту саласы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына.
8. Үйлестіреді (және көмектеседі):
∙ сынып жетекшілерінің оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша атқаратын қызметін;
∙ тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу, жалпы мектептік мәдени-тәрбие шараларын өткізу жөніндегі жұмыстарды;
∙ тәрбие процестерін қамтамасыз ететін әкімшіліктері, қызмет орындары және бөлімшелері өкілдерінің қоғамдық және құқық қорғау органдарының, ата-аналардың, ата-аналар комитетінің өкілдерімен өзара әрекеттестігін;
∙ экологиялық патрулі қызметін.
9. Бағалайды, сараптайды:
∙ оқушылары арасында болған жазатайым оқиға жағдайларын;
∙ өз міндеттеріне сәйкес оқушыларға тәрбие беру мәселесі бойынша стратегиялық құжаттарын;
∙ сынып жетекшілері тарапынан оқушылар арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын;
∙ сынып жетекшілерінің оқу тәрбие процесін жетілдіруге байланысты ұсыныстарын.
10. Кеңес береді:
∙ мұғалімдер мен ата-аналарға тәрбие процесінің мәселелері бойынша;
∙ мұғалімдер мен ата-аналарға оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша.
11. Баспаға дайындалатын оқу-тәрбие процесі жөніндегі материалдарды-сынып сағаттарының әдістемелік әзірлемелерін, зерттеулер мен эксперименттер нәтижелерін т.б. редакциялайды, түзетеді.
12. Хабардар етеді:
∙ әкімшілікті және мұғалімдерді тәрбие процесіндегі, білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде;
∙ өз міндеттерінесәйкес кітапханалық, полицейлік, әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарын тәрбие процесінің мәселелері жөнінде.
13. Тыйым салады:
∙ мәдени-тәрбие шараларын өткізу кезінде типтік тізбелерде қарастырылмаған жабдықтар мен приборларды, соның ішінде қолдан жасалған заттарды пайдалануға;
∙ орын-жайларында оқушылар мен қызметкерлер денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар пайда болса, ол жерлерде білім беру процесінің жүргізілуінде.
14. Қатысады:
∙ педагогикалық кеңестер жұмысына;
∙ жоғары орындар ұйымдастырып, өткізетін кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер жұмысына, «дөңгелек стол» отырыстарына және басқа шараларға;
∙ тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуге;
∙ оқушылар контингентін жасақтауға;
∙ педагогтары мен өзге де қызметкерлерін аттестаттауға әзірлеу және оны өткізу ісіне;
15. Жетекшілік етеді:
∙ кәмелетке толмағандардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын әлеуметтік қорғау ісіне;
∙ сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына;
∙ аға вожатый, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогтары мен полиция өкілі жұмыстарына;
∙ балалар мен жастар ұйымдары қызметіне;
∙ кітапхана қызметіне.